Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 6 автожолда қозғалыс шектелді
Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 6 автожолда қозғалыс шектелді. Бұл туралы Көлік министрі Үкімет отырысында мәлім етті. Ведомство басшысының хабарлауынша, тасқын басталғалы бері республикалық трассаларда 66 су басу жағдайы тіркелген. Яғни Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарындағы автожолдарды су шайған. Сондықтан қауіпті учаскелер мен көпірлерде қозғалыс жылдамдығын сағатына 25 шақырымнан асырмай жүру туралы шектеу енгізілді. Қазір аталған аймақтардағы тасжолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді көлік министрі.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Қосымша жасанды құрылыстар салынады. Құбырлардың өткізу қабілеті ұлғайтылады. Жер төсемелерінің биіктігі арттырылады және апатты жағдайдағы көпірлер бірінші кезекте жөнделетін болады.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09