Еріктілер Подстепное ауылындағы эвакуациялық орталыққа гуманитарлық көмек жеткізді
Оралда «AMANAT» партиясы мен «Абырой» мектебінің еріктілері Подстепное ауылындағы эвакуациялық орталыққа гуманитарлық көмек жеткізді. Мектеп ұжымы жинаған қаражатқа қажет азық-түлік, гигиеналық заттар алынған. Көмекті оқушылар колледж жатақханасы мен спорт залында орналасқан тұрғындарға апарып берді. Эвакуациялық орталықта 100-ге жуық адам тұрып жатыр. Оларға еріктілермен қатар, кәсіпкерлер, «Аманат» партиясының өкілдері де гуманитарлық көмек апарып, жәрдем беріп жатыр. Зардап шеккен тұрғындар ыстық тамақ, төсек орынмен қамтылған.
Алтынбек Арманұлы, мектеп мұғалімі:
Белсенділерден құралған 7-8 оқушы бар. Яғни мектеп парламенті болып, алдын ала қайырымдылық қорымыздан ақша бөліп, қиын-қыстау кезде халқымызға жәрдем ретінде осындай гуманитарлық көмек көрсеттік.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда конақүй көп салына бастады
13.10.2026, 13:17
Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
13.10.2026, 13:15
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
13.10.2026, 13:13
Түркітілдес жастар фестивалі өтті
13.10.2026, 13:10
Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті
13.10.2026, 13:07
Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады
13.10.2026, 13:07
Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік БАҚ назарында
13.10.2026, 13:06
Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар 75 мыңға жуықтады
13.10.2026, 13:05