Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өтті
Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өтті. Мақсат- көліктерден шығатын зиянды газды азайтып, ауаның ластануын тежеу. Бұл күні билік органдарындағы бүкіл басшылар мен қызметкерлер жұмысқа қоғамдық көлікпен келді. Олардың дені метроны таңдапты. Арасында жұмыс орнына велосипедпен жеткендері де бар. Мұндай ерекше шара Экология министрлігінің бастамасымен өтті. Ал акцияны ұйымдастыру туралы Өзбекстан президентінің жарлығы ақпанда шыққан. Енді әр айдың белгілі бір күнінде осындай шара өткізіліп тұрмақ. Айта кетейік, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Ташкент әлемдегі ауасы қатты ластанған 30 қаланың қатарына енген.
Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасының экология және қоршаған ортаны қорғау министрі:
Осы бір күннің өзінде ауаға таралатын зиянды газдардың бірнеше есеге төмендеуіне үлес қостық деген ойдамын. Бұл акцияға бей-жай қарамай, игі бастаманы қолдаған барша азаматтарға ризашылық білдіремін. Олар жұмысқа қоғамдық көлікпен бару арқылы өзге тұрғындарға үлгі көрсетті.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04