Тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ – министрлік
Су тасқыны кезінде тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте айтылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, еріген судан зардап шеккен Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарындағы тұрақтандыру қорларында 63 мың тоннадан асатын азық бар. Барлық өнім құрғақ жерде, сақтаулы.
Жиында басқа өңірлердің тұрақтандыру қорларындағы 110 мың тонна азық-түлік қоры қажет болған жағдайда, төтенше жағдай болған аймақтарға жедел жөнелтілуі мүмкін екені айтылды. Серік Жұманғарин зардап шеккен өңірлердің әкімдеріне дүкендер мен сауда орындарының жұмысын барынша тез қалпына келтіруге және азық-түлік қорларын қажетті көлемде шектеуден шығаруға назар аудару қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, жануарларды азықпен қамтамасыз ету мәселесін жылдам және бюрократиясыз пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13