Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін - Президент

01.04.2024

Тасқын судан зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Республикалық штабтың отырысын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол азаматтарды алаңдамауға шақырды. Мемлекет пен бизнес бірігіп, барлық шығынды өтейді. Бастысы адам шығынына жол бермеуіміз керек, - деді президент. Сондай-ақ апат болған аймақтарда әлеуметтік маңызды қызметтер мен азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет.

Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл болжам жұмыстары мүлдем болмаған білдіреді деді Президент. Әкімдер алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан үкіметке жүктелер міндет көп. Қысқасы, талап қатаң болады , - деп ескертті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу