Алматы халқы белгілі жазушы Сәбит Досановты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы халқы белгілі жазушы Сәбит Досановты ақтық сапарға шығарып салды

01.04.2024

Алматы халқы белгілі жазушы Сәбит Досановты ақтық сапарға шығарып салды. Қаламгердің қазасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдаған. Мемлекет басшысы Досановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айта келе, жазушының қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосқанын, ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнағанын айтқан.

Сәбит Досанов, КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының Бас директоры, мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы қызметін атқарған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» деген кітаптары бар.

 СНХ: Өтеген Оралбайұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Сәбең қазақ әдебиетіндегі 65 жылдық ғұмырында осы Алматыда қазақтың рухани бай дүниесіне өзінің қаламгерлік, қайраткерлік елеулі үлесін қосты. Оның қаламынан туған шығармалар әр кезеңде қоғамдық мәселе болсын, әлеуметтік мәселе болсын, мәдени мәселе болсын, саяси мәселе болсын өзінің беделдігімен, өткірлігімен және тақырыпты тереңінен ашуымен ерекшеленіп тұратын еді. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу