Сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген отандастарымызға сақ болуға шақырды
Сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген отандастарымызға сақ болуға шақырды. Себебі «Крокус Сити Холлдағы» терактіден кейін көршілес елде құжат тексеру қатаңдатылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Айтуынша, лаңкестік оқиға болған түні біздің дипломаттар Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, адам шығыны бар-жоғын анықтаған. Қазіргі таңда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бейресми деректер бойынша Ресейде 40 мыңға жуық қазақстандық студент оқып жатыр.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы Істер иинистрлігінің ресми өкілі:
Дүниежүзінде жағдай күрделеніп бара жатыр. Одан ешкім сақтанбаған. Сондықтан біздің азаматтар қай елде жүрсе де, сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақтықта қорлық жоқ. Сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09