Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

01.04.2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Министр әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде баяндады.

Сонымен қатар кездесуде Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды. Кездесу соңында Президент министрге Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу