Ақтөбе облысында су тасып жатқан ауылда егіз қыз дүниеге келді
Эвакуация жүріп жатқан Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында егіз қыз дүниеге келді. Оларға Айсәуле және Жансәуле деген есімдер беріліпті. Жас босанған ана мен нәрестелер тікұшақпен аудан орталығына аман-есен жеткізілді. Денсаулықтарына ешқандай қауіп жоқ. Қазір аудандық ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Қаламқас Қоңқаева осылайша жеті баланың анасы атанды.
Ал ауруханаға ертерек келмеуінің себебін отбасылық жағдайымен байланыстырды. Өйткені, балаларына қарайтын ешкім болмапты. Егіздердің анасы Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Қаламқас Қоңқаева, Нұра ауылының тұрғыны
«Өзім ертерек келуім керек еді, онымен отбасылық жағдайыма байланысты келе алмадым. Бұл балалардан басқа үйде бес балам бар. Жолдасым 4 айдан бері Ақтөбе қаласында ауруханада жатыр».
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17