Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті

01.04.2024

Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті. 2001 жылы туған ер адам болжам бойынша Үржар ауданындағы Ай өзеніне ағып кеткен. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өткен аптада жоғалған үш адам да әлі табылған жоқ. Жалпы өңірде тасқынмен күрес жалғасып жатыр.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары негізгі күшті Көкпекті ауданынына жұмылдырып отыр. Кеше ондағы Көкжайық ауылына қызыл су жайылып 15 ауланы су басқан. 106 адам эвакуацияланған. Бүгін тұрғындар үйлеріне оралды. Көкпекті және Бородулиха аудандарында тасқыннан әлі де қауіп бар. Өңірге Алматы және Жетісу облыстарынан құтқарушылары көмекке келді. Жетісулық мамандар жоғалғандарды іздестіруге жұмылдырылған.

Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Абай облысының полиция департамен тіне қарасты екі кионологиялық расчетті қолданып жатыр. Ол мынау жағалауларды аралап, иттерді қолданып, және де қосымша әскер. Қорғаныс министрлігіне қарасты, ішкі істер министрлігіне қарасты полиция қызметкерлерінің жасақтары көбейтілген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу