Тайвань аралында дүлей дауылдан 44 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайвань аралында дүлей дауылдан 44 адам жараланды

05.09.2023

Тайвань аралында дүлей дауылдан 44 адам жараланды. 200 мыңнан аса үй электр жарығынсыз қалған. Бірнеше қала мен ауданда мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. «Хайкуй» дауылы өзімен бірге нөсер жауын әкелген. Қатты жел сағатына 155 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Билік су тасқыны мен лай көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті. Дауыл соққы берген аудандарда мектептер жабылып, кәсіпорындар жұмысы тоқтады. Жүздеген ұшақ рейсі кейнге шегерілді.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу