Алматылықтар батыс өңіріне гуманитарлық көмек жинап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар батыс өңіріне гуманитарлық көмек жинап жатыр

01.04.2024

Алматылықтар батыс өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккендер мен құтқарушыларға жылу жинап жатыр. Әзірге тұрмысқа қажетті жарты тоннаға жуық зат жиналған. Қабылдау пунктіне жолға жарамды, бұзылмайтын азық-түлік, төсек орын, гигиеналық заттар, киім-кешек, резеңке аяқ киімдер, шатырлар мен шамдар секілді шаруашылық тауарларын тапсырып жатқандар көп. Қайырымды іске жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар да атсалысып жатыр. Сондай-ақ, елуге жуық ерікті еңбек етіп жатыр.

Еркебұлан Бекбаев, қала тұрғыны:

Қолдан келгенше көмек береміз өзіміздің қазақ елімізғо, өзіміздің халқымыз қиналып жатқанна кейін. бұндай апат айтып келмейді ғой, аяқ астынан болған жағдай. қаншама ауылды су басып жатыр, қаншама мал қырылып жатыр. соған ақырындап қолдан келгенше істеп жатырмыз енді. Мына жерде жалғыз мен емес, жақсы адамдардың да көмегі бар.

Бағдат Анарбаева, Алматы қаласы бойынша еріктілер фронт-офисі жетекшісі:

Тасымалдау жағы әзірше сөйлесіп жатырмыз, өйткені ол жақта Ақтөбе қаласында аэропортты су алып кетті деп естіп жатырмыз. жолмен де қиындау болып жатыр.

Қазір гуманитарлық көмекті Алматыдағы Байтұрсынов көшесі 22-ші үй мекенжайы бойынша сағат таңғы 10-на кешкі 19:00-ге дейін қабылдап жатыр. Жиналған гуманитарлық жүк апта ортасында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтілмек.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу