Сенаторлар су басқан өңірлерде жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар су басқан өңірлерде жүр

01.04.2024

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынының салдарымен күресу үшін депутаттарды бірігуге шақырды. Оның айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының қатаң бақылауында. Сондықтан Президенттің апаттың салдарымен күресуге қатысты берген тапсырмаларын орындауда Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға қолқабыс ету керек. Ең басты мақсат адам шығынын болдырмау.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Өз кезегінде Сенат та өңірлердің мүдделерін білдіретін палата ретінде су тасқынына қарсы күрестен тыс қалмайды. Бірқатар сенатор өңірлерге барып, жергілікті атқарушы органдарға қолқабыс көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ Сенат бюросының отырыснда «Қазақстан Республикасы мен Қырғызстанның Министрлер кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару туралы келісімді ратификациялау» туралы заң қаралды. Мақсат апатқа ұшыраған жолаушылар мен экипаж мүшелерін іздеу мен құтқару жұмыстарын бірігіп жүргізу.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу