Басты Жаңалықтар Елордадан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

Елордадан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

Елордадан су тасқыны болған өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Астаналықтар аймақтағы зардап шеккен тұрғындарға қажетті киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиеналық заттарды әкелуде. Қазір 9 қойма таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер атсалысуда.

Сұлтан Өмірғалиев, жастар ресурстық орталығының маманы:

Су тасыған аймаққа көбінесе өзі ниет білдіретін адамдар көп. Мысалы Қостанай облысында «Газель» жүргізушілері өздері бізге хабарласып: Біз өзіміз тегін апарасақ бола ма?,-деген сияқты. Одан бөлек Астана қаласының тұрғындары да өз еркімен көмектесіп жүрген жүргізушілер бар. Солар арқылы жіберетін боламыз.


Бөлісу