Тараздықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жинап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жинап жатыр

01.04.2024

Тараздық еріктілер тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жеткізуді қолға алды. Белсенді азаматтар жұрттан жылу жинап, қайырымды істен шет қалмауға шақырады. Аймақ тұрғындары апатты өңірлерге 10-ға жуық жүк көлігін жөнелтпек. Автокөліктерге аса қажетті тұтыну тауарлары мен киім-кешектер тиеліп жатыр. Балаларға қажетті заттар да бар. Қала халқы игі істен шет қалмай, қажетті заттарды әкеп, жәрдемдесіп жатыр. Қазір қаланың төрт шағын ауданы мен 10-нан аса сауда үйінің алдында еріктілерді көруге болады. Жалпы су тасқынының қаупі сейілмеген өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жүр.

Әсел Жапарова, ерікті:

Қарапайым халық үйіндегі барын әкеп беріп жатыр. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, осындай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын осындай татулықтың, бір тудың астында бірігіп жатқандығының куәсі болып отырмыз. Осы нәрсе біздің қуантады. Бірақ әрине мұндай еліміздің басына екінші қайтара түспесін.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу