Су басқан аймақтарға көмек ретінде өңірлерде «Күшіміз – бірлікте» акциясы өткізіліп жатыр
Атыраулықтар судан зардап шеккен өңірлерге жылу жинай бастады. Елдегі жағдайға бей-жай қарамаған жастар «Күшіміз – бірлікте» акциясын қолға алды. Қазір тұрмысқа қажетті 60 тоннаға жуық зат жиналған. Игі іске жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар да атсалысып жатыр. Қазір гуманитарлық көмек Атырау қаласы Студенттер даңғылы-29 мекен-жайы бойынша қабылданып жатыр. 1-2 күнде Қостанай және Ақтөбе облыстарына жөнелтілмек.
Асухан Назымбеков, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Қажетті гигиеналық заттар, қолданыстағы маңызды тұрмыстық дүниелерді жинақтап жатырмыз. Және де кәсіпкерлер де өздері ниет білдіріп, келіп біздерге қосылып жатыр. Бұл деген күшіміздің бірлікте екенін білдіреді.
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ДА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗЫП ЖАТЫР
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созуға Түркістан облысының жұртшылығы да үлесін қосуда. Аймақта қоғам белсенділері мен волонтерлер тобы құрылып, гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Ал облыстық жастар орталығында арнайы штаб құрылып, оған өңірдің барлық аудан-қалаларынан азық-түлік және қажетті заттар әкелуде. Қабылдау пунктіне жолға жарамды тағамдар мен киім-кешектер жинақталып жатыр. Күні бүгін Ақтөбе облысына жәрдемнің алғашқы легі жеткізілді. Ал негізгі көмек тиелген жүк көлігі ертең жолға шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06