Астаналықтар Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберді
Елордалықтар Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер мен құтқарушыларға гуманитарлық көмек жинап жатыр. Жүк көлігінде жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар бар. Қаражатты қарапайым тұрғындар бірлесіп жинаған. Құтқару жұмыстарына қолғабыс ету үшін Астанадан арнайы барып жатқан азаматтар да бар. Дәл қазір әріптесім Аида Ахметбек гуманитарлық көмек жинайтын орындардың бірінен тікелей қосылымға шықпақшы.
Аида Ахметбек, тілші:
Иә, Біз қазір Елордадағы Тілендиев көшесінің бойында гуманитарлық көмек жинайтын орындардың біріндеміз. Мұнда кез келген адамның әкеп тапсырған заттары қойылып, Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жіберіледі. Еріктілер саны аз емес. Бір тәулік бұрын жұмысын бастаған орталықтарға азық-түлік, төсек орын, киім-кешек және гигиена заттарын тапсырып жатқандар көп. Қайырымды іске қала тұрғындары мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері де қолдау көрсетіп жатыр.
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21