Абай облысында бірнеше көпірді су шайып кетті
Абай облысында тасқын сумен күрес әлі де жүріп жатыр. Қауіп сейілген жоқ. Құтқару жұмыстарына 700 ден астам адам тартылған. Төтенше жағдай қызметі, жергілікті әкімшіліктер мен «ҚазАвтоЖол» мекемесінен 200 ге жуық техника жұмылдырылды. Қазір өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып жағдайды тікелей эфирде баяндауға дайын.
Ержан Жақып, тілші:
Қайырлы күн Альбина! Абай облысында тасқынның беті әлі қайтпай тұр. Облыста бірнеше жолды су шайып кетті. Мысалы Аягөз ауданда Бозай ауыла апаратын жолда, көпірді су ағызып елді мекенмен байланыс үзілген. Ақсуат ауданындағы Кіндікті ауылымен байланыстыратын көпірді де тасқын су бұзып кеткен. Қазір аталған екі ауылға азық-түлік, қажетті заттар мен дәрі-дәрмек тікұшақпен, қайықпен жеткізіліп жатыр. Бесқарағай ауданындағы Бозтал, Жарма ауданындағы Үшбиік ауылындағы үйлерге су кірген болатын. Адамдар уақытша қауіпсіз жерлерге көшірілген. Қазір аталған елді мекендерде жағдай реттеліп, тұрғындар үйлеріне қайтты. Кеше өңірге Жетісу облысынан құтқарушылар көмекке келді. Арнайы техника, қайық, су соратын құрылғылармен құтқарушылар қазір тасқын болған жерлерде жұмыс істеп жатыр.
– Облыстағы жолдардың жағдайы қандай? Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды деген ақпарат тараған еді?
Ержан жақып, тілші:
«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметі бойынша «Омбы-Майқапшағай» трассасының «Көкпекті-Тарбағатай» аралығындағы жол барлық көліктер үшін уақытша жабылған болатын. Қазір қатынас қайта қалпына келтірілді. Кейбір жолдарды мамандар елді мекендерді су баспас үшін бұзып, қар суының арнасын бұруға мәжбүр болды. Қазір аудандық маңызы бар 4 жол учаскесінде жүріп-тұруға шектеу қойылған. «ҚазАвтоЖол» мамандары бұзылған жолдарды қалпына келтіріп жатыр. Тағы айта кететін жайт Аягөз ауданында тасқын кезінде жоғалып кеткен үш адам әлі табылмады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15