Батыс Қазақстан облысында 3800 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Батыс Қазақстан облысында 3800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 1500-ге жуығы бала. Тасқыннан зардап шеккен адамдар эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Сондай орталықтардың бірі Қаратөбе ауданында ашылды. Өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы қазір сол ауданнан бізбен байланысқа шығады.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Қазір біз облыс орталығы Оралдан 300 шақырым қашықтағы Қаратөбе ауданындамыз. Су деңгейі түсіп, қауіп сейілгенімен, жағдай әлі күрделі. Өйткені мына Қалдығайты өзені тасып, көпір бұзылып, арнаның ар жағында 8 ауыл мүлдем қатынассыз қалды. Әсіресе, Аққозы ауылдық округіне қарасты Қоржын ауылы тұтас су ортасында тұр. Ауылдағы 105 үй суға кетіп, бастапқыда 400-дей адам мектеп ғимаратына көшірілген. Екінші күні тұрғындар екі тікұшақпен мына Қаратөбе ауданы орталығына эвакуацияланды. Қазір ауылдағы мектеп-гимназияда нақты 174 адам тұрып жатыр. Олар ыстық тамақ, жатар орынмен қамтылған. Аймақта Шаған, Деркөл өзендерінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендер мен қаладағы саяжайларға қауіп төндіріп тұр. Облыс орталығында 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ тасжолдардың 33 бөлігін су шайды. Тасқынға тосқауыл қоюға мыңға жуық адам мен 200-ден астам техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04