Анкарада қазақ жастары қайырымдылық кешін ұйымдастырды
Түркия астанасы Анкарада қазақ жастары қайырымдылық кешін ұйымдастырды. Анкара Музыка және өнер университетінің магистранты, қобызшы Ақбота Абренованың бастамасымен «Қобыз рухы» атты қайырымдылық концерті өтті. Рамазан айында өткен ерекше концертте шетелде оқып жүрген студенттер домбырамен халық әндері мен күйлерін орындап көрермен көңілінен шықты. Қайырымдылық шарасына «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамы қолдау көрсетті. Концерттен жиналған қаражат Түркияда емделіп жатқан қазақстандық баланың емі үшін оның әкесіне табысталды.
Ақбота Абренова, концертті ұйымдастырушы:
Қазіргі Наурыз мейрамы және осы мейірім айы рамазанда жақсылық жасауға ниет еттім. Осы идеяны қолпаштап қолдау көрсеткен Анкара қазақ жастары менің идеямды әрі қарай қолдады. Сонымен қатар осы концертте бар күшін жұмсаған достарыма алғысымды білдіремін.
Афитап Челик, көрермен:
Өте әсерлендік. Жастар керемет өнер көрсетті. Барлығы да шетінен өнерлі екен. Әсіресе домбыра мен қобыздың ерекше үні бізді басқа бір әлемге алып кеткендей болды. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16