Көкшетауда тасқын судан қауіп сейілді
Көкшетауда тасқын судан қауіп сейілді. Қылшақты өзенінің деңгейі түскен. Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді. Апаттың алдын алу шаралары әлі де тоқтаған жоқ. Кеше шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар су басқан баспаналар мен аулаларды тазартып, жағалауды барынша нығайтып жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам қызметкер мен 80 техника жұмылдырылған. Табиғи апаттан зардап шеккендерге де қажетті көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия құрылып, шығын есептелмек. Бұл туралы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары айтты. Соңғы екі тәулікте шаһарда 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл ситуацияға өз бағасы беріледі. Ең бірінші, біз енді бүкіл осы проблемаларды көрсетеміз. Өзіміз келген соң мәжілісте. Бір шешімге келеміз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03