Бишімбаев соты: жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бишімбаев соты: жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алынды

29.03.2024

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алынды. Куәгердің бірі қайғылы оқиға болғаннан кейін бейнебақылау камерасына жазылған барлық жазбаны өшіргенін жеткізді. Себебі, гастро орталықтың директоры болған, қазір Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов «бейнежазбаны өшір» деп бұйрық беріпті. Ал Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді қарындасының Қуандықтан қандай қорлық көргенін баяндады. Ол сотқа Салтанаттың көзі көгерген суретін алып келді.

Сот ашық түрде өтуде. Кез-келген қазақстандық процесті тікелей көре алады. Көрсетілім жоғарғы соттың ютуб парақшасы арқылы жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев "аса қатыгездікпен адам өлтіру және «азаптау» баптары, ал Қуандықтың туысы Бақытжан Байжановқа «қылмысты жасырды» және «хабарламады» деген айып тағылған. Бишімбаевты 4 адвокат қорғауда. Бүгінгі сот отырысы таңертеңгі сағат онда басталып, кешкі жетілер шамасында аяқталды. Келесі сот отырысы 1 сәуірде жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу