Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу
Шымкентте кітапханаға жиі барып, көп шығарма оқыған оқырман енді театр мен киноны тегін тамашалап, мейрамхана мен жаттығу залына жеңілдікпен барады. Мұндай тың жобаны мегаполистегі Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар желісі жүзеге асырмақ. Рухани орталықтың кітапқұмар ұлт қалыптастыру жолындағы мұнан өзге де қызықты әрі креативті бастамалары турлы келесі бейнематериалда.
Ботагөз 30 жылдан бері кітапхананың тұрақты оқырманы. Алғаш 6 сыныпта оқитын кезінде келген болатын. Содан бері күнделікті 3-4 сағат уақытын осында өткізеді. Кітапқұмарларды ынталандыру жобасы қолға алынса, енді қатарымыз көбейетін болды деп қуанады.
Ботагөз Серікқызы, оқырман:
Бұл оқырманды тек ой еңбегімен, кітап оқумен ғана шұғылдандырып қоймайды. Сонымен қатар кітап оқу арқылы театрға барып рухани өсеміз. спорт клубтарына барып ой еңбегімен қатар денемізді тәрбиелейміз.
Жоба бойынша оқыған кітап санына қарай оқырманға бірнеше карта беріледі. WHIT картасын иелену үшін кітапханаға жылына 25 рет, ал SILVER-ге 50 рет келу керек керек. Мұнан бөлек оқыған кітабына әлеуметтік желіде шолу жасауға міндетті. Алтын мен жақұт картаның талабы мұнан да жоғары. Соған сай жеңілдіктері де мол.
Қала тұрғындарының қолдауына ие болған тағы бір жоба «Кітап оқитын қала» деп аталады. Қазір шаһардың бірқатар шағын ауданына қызғалдақ пішінді сөре орнатылды. Көпшілік осында келіп, кітап алмасады.
Нүрилә Жұманова, кітапхана директоры:
Бұл кітапқа екінші өмір сыйлау деп аталады. қала тұрғындары оқыған кітаптарын апарып қояды да сол кітапты оқығысы келетін азаматтар алып кете алады. Яғни халық өздері кітап алмасып жатады.
Көше бойларына қойылған кітап пішініндегі QR орындықтар да көпті елең еткізетін дүниеге айналды.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Ауладағы әрбір орындыққа бөлек атау берілген. Мәселен мынау орындық «Мәдениет мәйегі кітап» деп аталады. Мұнда Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан», Ә, Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», С. Көбеевтің «Қалың мал» кітаптарының мұқабасы қойылған. Ал екінші орындық «Оқы, таны, талқыла» деген атауға ие. Мұнда жазушы Т. Әбдіковтың туындылары қойылған. Енді осындағы QR код арқылы кітапха желісіне жалғанып, орындыққа жайланып отырып, қалаған кітабымызды оқи береміз.
Бүгінгі таңда Абай атындағы кітапханада 550 мың кітап қоры бар. Осындай креативті жобалардың арқасында мұндағы оқырмандар қатары екі жылдың ішінде 30 мың көбейіп, 100 мыңға жетті. Ал келушілер саны жарты миллионнан асқан. Ел Президенті ұлттық құрылтайда айтқандай озық ойлы ұлт болудың төте жолы-кітап оқу болмақ.
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04