Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен ауыл халқына гуманитарлық көмек тиелген көліктер жолға шықты
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен ауыл халқына көмек көрсету үшін жиналған 4 жүк көлігі жолға шықты. Өңір азаматтары төтенше жағдайдан соң, әлеуметтік желі арқылы көпшілікке үндеу жасаған. Осыны естіген жұрт жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек сынды тұрмысқа қажетті заттарды әкеліп жатыр.
Сейфолла Нұркишев, қала тұрғыны:
Көріп жатырмыз ғой теледидардан көзіміз соқыр емес. Естіген соң көмек болсын дедім. «Көп түкірсе – көл болады», - дейді ғой сондай жағдай. Аяп кеттік, расында басқа бермесін. Аяқ киім алып келдім, куртка әкелдім, әр түрлі халат та бар, балалар киімі бар, үлкендерге де киім бар.
Амантай Атымтаев, қала тұрғыны:
Бүгін Сарыторғай ауылына, Екідің ауылына кеше екі газел кетті. Бүгін Құдай қаласа екі газел кетеді. Қызыл жұлдызға үш газел кетіп тұр. Амангелдіге тағы кетіп жатыр, дейді.
Еріктілер зардап шеккен халыққа жылу жинап жатыр
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге Астанадағы волонтерлік штаб қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, гуманитарлық көмек жинап жатыр. Халыққа қажетті заттар таңғы 09: 00-ден 20:00-ге дейін Сарыарқа даңғылы, 13 мекен-жайында қабылданады. Жалпы су тасқынынан зардап шеккендер үшін әр өңірде жедел желілер іске қосылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04