«Еліткіш газды» айналымға енгізетіндер үшін жаза күшейтіледі
Азаматтар түнгі клубтарда емін-еркін тұтынатын «еліткіш газды» пайдаланғандар мен саудалайтындарға жаза күшеймек. Ішкі істер митнистрлігі заң жобасын дайындап, Парламенттің қарауына жіберген. Құжат әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. Қазір көпшілікке «шарик» атымен таныс есірткі затын пайдаланғандар әкімшілік жазамен құтылады. Бұдан бөлек, «трамадолды» сатқандар, 2 таблетканы саудалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер күдікті дәрілік препараттың 10 грамымен қолға түссе, аса ірі мөлшерде есірткі затын сатты деп есептелінеді.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ есірткі қимылына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Тұтынушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Олар құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады. 296 бабтың 1- тармағы бойынша айыппұл төлейді, есепке тұтынушы ретінде аламыз. «Дәрмек» деген арнайы іс-шара жүргізіледі тоқсан сайын. 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткіздік 43 медициналық жұмыскерді жауапқа тарттық.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыИнвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
ІТ, логистика, ауыл шаруашылығы: Президент инвестицияның басым бағыттарын атады
02.07.2026, 20:02
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды
02.07.2026, 19:15
Қазақ Ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды
02.07.2026, 17:35
Астанада алғаш рет TazaFest фестивалі өтті
02.07.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 17:30