5 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды
Су тасқыны басталғалы Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 5 мыңдай адам құтқарылып, қауіпсіз жерлерге эвакуцияланды. Оның мың жарымнан астамы бала. Қазір құтқарушылар тасқынға қарсы ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Су басқан елдімекендерде екі жарым миллион текше метрден астам су сорылған. Ал авариялық-құтқару жұмыстарына 6,5 мыңдай адам, екі мыңнан астам техника жұмылдырылған. Әрі еліміздің 12 өңірінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді. Экологтардың айтуынша су тасқынын болжау мүмкін емес. Бұл табиғи апат.
Азамат Қауазов, Орталық Азия климаттық ақпараттық порталының сарапшысы:
Кейде қар қалың болса да тасқын болмай, керісінше, қар аз болғанда елдімекендерді қызыл су басып жатады. Бұл ауа райына, яғни күн күрт жылып, жауын жауа ма соған байланысты. Сондықтан тасқынды болжау мүмкін емес. Тіпті дамыған Еуропа елдерін де тасқын болып жатады. Құтқарушылар жақын арада барлығын реттейді деп ойлаймын.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда конақүй көп салына бастады
13.10.2026, 13:17
Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
13.10.2026, 13:15
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
13.10.2026, 13:13
Түркітілдес жастар фестивалі өтті
13.10.2026, 13:10
Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті
13.10.2026, 13:07
Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады
13.10.2026, 13:07
Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік БАҚ назарында
13.10.2026, 13:06
Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар 75 мыңға жуықтады
13.10.2026, 13:05