Үкімет басшысы еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейтуді тапсырды

29.03.2024

Төтенше жағдайлар қызметкерлері және жергілікті әкімдіктер күшімен ел бойынша 2,3 млн текше метрден астам ағын су шығарылып, 62 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы жұмылдырылды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында айтылды. Ведомство басшылығының есебін тыңдаған Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейтуді тапсырды. «Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту»,-деді Үкімет басшысы. Алдағы уақытта жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі. Бұл мәселені Премьер-Министр Бас прокурормен талқылағанын айтты. Үкімет басшысы сондай-ақ солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін атап өтті.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу