Алматыда жел басылып, жағдай тұрақталды
Алматыда болған дауыл және нөсер салдарынан қаланың қырыққа жуық учаскесіне су жайылды. Мамандардың айтуынша, нөсердің екпіні секундына 24 метрге жеткен. 26 ағаш құлап, бірнеше көлікті басып қалған. Қаладағы №132 мектептің шатырын жел ұшырып әкеткен. Әкімдік өкілдері білім ошағы оқушылардың демалысы аяқталғанша қалпына келтірілетінін айтты. Түнде бірнеше аудан мен көшелерде электр қуаты 25 рет ажырап, қайта қосылды. Шаһардың барлық төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қазір Алматыда жағдай тұрақты. Барлық әлеумкеттік нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер жоқ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18
Шардара қаласына таза ауыз су беріле бастады
13.10.2026, 17:17
Түркістан облысында мақтаның 60%-ы жиналды
13.10.2026, 17:15
63 мың алматылық екпе салдырды
13.10.2026, 17:13
Инчхон супермаркетінде ер адам 8 адамды пышақтаған
13.10.2026, 17:11
Әр-Рияд әуежайы сенбіге дейін жабылды
13.10.2026, 17:10