Алматыда қатты жел соғып, бірнеше аудан жарықсыз қалды
Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Кешке қарай шаһарды шаңды боран басып, арты нөсер жауынға ұласты. Дауыл бастала салысымен қалада көлік кептелісі болып, кешкі алты шамасында оның деңгейі 10 балға жетті. Өйткені жол көрінбей қалды. Желдің күштілігі сонша, кейбір ғимарат жер сілкінісі болғандай теңселген. Кейбір ауданда жарық өшті. Қазір ақау жөнделіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық күштік құрылымдар жұмылдырылып, арнайы әрекет ету тобы құрылды. Әзірге 112 нөміріне ешкім қоңырау шалмаған. Зардап шеккендер жоқ. Ал, әуежайдың баспасөз қызметі рейстер кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14