Пан Ги Мун: Президент Қ.Тоқаев батыс пен шығыс арасындағы мықты мәмілегер болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пан Ги Мун: Президент Қ.Тоқаев батыс пен шығыс арасындағы мықты мәмілегер болып отыр

28.03.2024

Боао Азия форумы директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун ұлттық арна журналисіне сұхбат берді. Пан Ги Мунның айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыс пен шығыс арасында табысты диалог орнату ісінде сіңірген еңбегі ерек. Әрі осы тұрғыда Қазақстанның географиялық орналасуы да стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы да, арнамызға сұхбат беріп, ұйым жұмысына қатысты ақпаратымен бөлісті. Форумдағы өзге де маңызды сұхбаттар, мемлекет басшысының мәлімдемесі мен жалпы Қытайға жасаған сапары жайлы жексенбі күні «Ақорда» арнайы жобасынан көре аласыздар.

Пан Ги Мун, Боао Азия форумы директорлар кеңесінің төрағасы:

Мен Қазақстан президентімен осы жолы да кездескенімді зор мәртебе санаймын. Ол кісімен бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жасаған мемлекеттік сапары кезінде де кездескен едім. Арамызда жылышырай достық қарым-қатынас сақталғанына қуаныштымын. Осы жолы кездескенімде аймақтық қақтығыстарды шешудегі маңызды рөлін арттыра беруін сұрадым.

Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту мәселесі талқыланды

Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

Біз Шанхай ынтымақтастығы ұйымын дамыту мәселесін талқыладық. Өздеріңіз білесіздер Қазақстан бұл ұйымға төрағалық етіп отыр. Астанада оның саммитін сәтті өткізу үшін өз тарапымыздан және мүше мемлекеттер тарапынан күш саламыз деп ойлаймын. Сол жиын осы ұйымның даму жолындағы маңызды бір оқиғаға айналады деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу