О.Бектенов: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Су тасқынынан зардап шеккендерге Үкімет тарапынан көмек көрсетіледі. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Олжас Бектенов осылай деді. Бүгінде өңірдегі 87 елдімекенде су тасу қаупі бар. Осыған байланысты Премьер-министр, Петропавл және Сергеев су торабының қазіргі жағдайын тексеріп, бірқатар тапсырма берді. Апатты жағдайдағы көпірлердің мәселесін шешу үшін жол қозғалысын реттеу жағы қарастырылды. Үкімет басшысы өңір әкімдігіне жағдай ушыққан жағдайда, жедел әрекет етуді тапсырды. Қазір еліміз бойынша бірнеше республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істеп тұр. Оған 4 мыңға жуық адам мен 1 300-ден астам техника жұмылдырылған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазір өздеріңіз білесіздер, су тасқыны болып жатыр кейбір өңірлерде. Қазір жеке құрам, техника бәрі жұмылдырылды. Бірақ, жағдай күрделі. Барлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Үкіметтің көмегінсіз, назарынсыз ешкім қалмайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда да осындай шаралар қабылдануда.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18
Шардара қаласына таза ауыз су беріле бастады
13.10.2026, 17:17
Түркістан облысында мақтаның 60%-ы жиналды
13.10.2026, 17:15
63 мың алматылық екпе салдырды
13.10.2026, 17:13
Инчхон супермаркетінде ер адам 8 адамды пышақтаған
13.10.2026, 17:11