Абай облысында су тасу қаупі бар аудандар бақылауға алынды
Абай облысындағы бірнеше ауданда тасқын жүріп жатыр. Қызыл су Жарма ауданындағы Үшбиік ауылында 12 аула мен 9 үйге кірген. Қазір құтқарушылар, ондағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, суды тазартып жатыр. Облыстағы екі жолды тасқын су бұзып өтті. Ақсуат ауданындағы Кіндікті ауылымен байланыс үзілді. «ҚазАвтоЖол» мамандары республикалық маңызы бар жолдарда бекіту, су арналарын кеңейту жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп жатыр. Ал Аягөз ауданында жоғалған үш адам әлі іздестірілуде. Оған қорғаныс министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өңірдегі 6 ауданда жағдай қауіпті екендігін айтып отыр.
Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
Басты назарда бірнеше аудан бар. Ол Ақсуат ауданы, Көкпекті. Жарма ауданы. Аягөз ауданы, Бородулиха және Бесқарағай ауданы. Осы атап өткен аудандар бақылауда. Барлық өзендердің маңайында тәулік бойына кезекшілік құрылған. Бүкіл күш құралдар жұмылдырылуға дайын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17