Павлодар облысында әкімдік қызметкері ауыл тұрғынынан пара алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында әкімдік қызметкері ауыл тұрғынынан пара алған

28.03.2024

Әкімдік қызметкері тракторды пайдалануға рұқсат беру үшін ауыл тұрғынынан 100 мың теңге пара алған. Павлодар облысы Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, ескі техникаға куәлікті заңсыз жолмен дайындауға болады деп тіпті өзі ұсыныс жасаған. Мемлекеттік қызметкердің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен толық дәлелденді. Күдікті кінәсін мойындады. Оған 5 млн теңге айыппұл салынды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу