Көру қабілеті нашар жандар үшін қазақ тілінде веб қосымша пайда болды. Енді қажетті мәліметтерді экрандық диктор арқылы тыңдауға болады. Құралдың көмегімен пайдаланушылар веб-беттерді, электрондық хаттарды және құжаттарды оңай шолып, қазақ тіліндегі ақпаратқа қол жеткізе алады.
Елімізде көру қабілеті бұзылған 160 мың азамат бар. Ал бұл осы көру қабілеті нашар адамдарға арналған, экранды дыбыстап оқып беретін инновациялық құрал. Елімізде мұндай құрылғыға сұраныс жоғары болса да, бұрын-соңды дәл осындай жетілген формада шықпаған, - дейді жоба авторлары.
Мақпал Жұмабай, «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми орталығының бас директоры:
Бұл қосымша әлемде дамыған. Бірақ, қазақстанда тұңғыш рет. Бұл қосымша арнайы мектептерде, балабақшаларда, сонымен қатар кітапханалар мен оқу орындарында толыққанды білім жүйесінде қолданылады деген үміттемін.
Әлемдік стандарттар негізінде жасалған мобильді қосымшаны әзірге Android арқылы қолдануға болады, қосымша iOS-қа сәуір айында қосылады.
Кенжеғұл Сейітжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Құрылғының маңыздылығы көз жанарынан айырылған азаматтарға қазақ тілінде ақпарат береді. Тегін, әрине, кез-келген азаматтар әлеуметтік желі арқылы көшіре алады.
Таныстырылым кезінде көру қабілеті нашар жандар тестілеу нәтижелері және апробациядан өткізу кезіндегі өз әсерлерімен бөлісті.