Қ.Шарлапаев: Утильалым арзандамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Шарлапаев: Утильалым арзандамайды

27.03.2024

Қазақстанда утиль-алым мөлшері өзгермейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Мәселені қозғап жүрген беленді азаматтар, Мәжіліс депутаттары бұл тақырыпта бірнеше мәрте жиын өткізген. Нәтижесінде «кәдеге жарату» төлемін арзандатуға өнеркәсіп министрлігінен басқа барлық мемлекеттік орган келісімін берген. Ал Қанат Шарлапаев, бұл төлем арқылы қарапайым азаматтарды жұмыспен қамтимыз дегенді алға тартты.

Қанат Шарлапаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Екі зауыт қазір құрып жатырмыз, КИА зауытты 2025 жылдың ортасында аяқтаймыз. Басқа зауытты қазір Алматы қаласының қасында 90 мың көлік өндіретін зауытты салып жатырмыз. Олардың жұмыс орындарын бүкіл автокөлік өндіретін кәсіпорындардың жұмыс орындарын кім санайды? Өзімнің кәсіпорындары, өзіміздің Қазақстан азаматтарының жұмыс орындарын сақтау үшін менің ойымша бізге кішкене протекционизм жасауымыз қажет.

Хабарламаларға жазылу