Ақтөбе облысында қарғын су құрсауында қалғандар эвакуацияланды
Ақтөбе облысында қазір 5 елді мекенге қатынас жоқ. Облыс аумағындағы автожолдарды он екі жерден су шайып кетті. Бірнеше көпір бұзылған. 10 тұрғын үй мен 61 ауланы су басып, 230 адам эвакуацияланды. Еріген қар суы Ақтөбе халықаралық әуежайының жұмысына да кедергі келтірді. Өңірдегі ахуалды Жақсыбек Кемал баяндайды. Бүгін таңнан кешке дейін он төрт әуе рейсінің ұшу уақыты кейінге шегерілді. Өйткені, ұшу жолағы еріген қар суына толған.
Әлихан Камаладин, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің маманы:
Әуе кемелерді қабылдау және шығару үшін таңғы 6:30 бен 17:30 аралығында уақытша жабылған болатын. Жаңағы жұмыстардың аяқталуына байланысты ұша бастайды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір біз Қурайлы ауылында тұрмыз. Тек осы көшенің өзінде алты үйге су кірген. Тұрғындар қарғын сумен тәулік бойы алысып жатыр. Әкімдік жүк көліктерімен құм төгіп жатыр.
Судың деңгейі сәт сайын көтеріліп келеді. Тұрғындардың көбі үйлерінен тек құжаттарын ғана алып үлгерген.
Айгүл Мамшаева, ауыл тұрғыны:
Үйден су ақты. Сарай құлап жатыр. Мал маңырап, далаға шығардық. Он бала, үлкен 80-дегі кемпір бар, осы үйдің адамдарын жиып, апамның үйіне апарып тастадық.
Сонымен қатар Шалқар ауданы Бүйректөбе ауылының 6 тұрғыны үшін арнайы пойыз жіберіліп, Шалқар қаласына көшірілді. Ал Мұғалжар ауданының Жағабұлақ елді мекеніндегі 182 тұрғын Жаңажол кентіне жеткізілді. Мамандардың айтуынша, енді Шеңгелдісай, Бірлік және Амангелді ауылдарына қауіп бар. Сондықтан, көмекке әскерилер тартылып жатыр.
Саид Молдақараев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
6655 әскери бөлімінде өазір 100 адам дайындыққа келтірілді. Олар керек уақыттта, керек болған жерлерге шығуға дайын.20982 әскери бөлімінен 52 адам алты техниканы кеше Темір ауданына жіберген болатынбыз. Қазір оларды Ақтөбе қаласына алдырып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін пайдаланамыз деп жатырмыз.
Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, алдағы 2 тәулікте ауа температурасы төмендейді. Яғни, уақытша болса да қауіп сейілуі тиіс.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33