Өзбекстанда қоқыс шығару қызметінің ақысын төлемегендер жарықсыз қалады
Өзбекстанда қоқыс шығару қызметінің ақысын төлемегендер жарықсыз қалады. Яғни, қоқысқа қарызы бар тұрғындар, электр энергиясы үшін төлем жасай алмайды. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, берешегі бар адамдар жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алу кезінде де, қиындыққа тап болуы мүмкін. Тиісті келісімдерді рәсімдеуге шектеу қойылмақ. Аталған ереже кезең-кезеңімен күшіне енеді.
Ал 1-сәуірден бастап, Өзбекстанда салық бойынша кейбір жеңілдіктер жойылады. Мемлекеттік салық комитетінің мәліметінше, өзгеріс коммуналдық қызметтерге, саудаға, сондай-ақ импорттық тауарлар жеткізу ісіне де қатысты.
Мунирахон Сулаймонова, Мемлекеттік салық комитетінің бас инспекторы:
Қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер сумен жабдықтау, кәріз, санитарлық тазалау және жылумен қамтамасыз ету қызметінен алынып тасталады. Бұған дейін қолданылып келген нөлдік ставка күшін жояды. Медициналық және ветеринариялық қызметтер, дәрі- дәрмек саудасы бойынша да осындай өзгеріс бар.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08