Түркіменстанда «Түркімен жері – көне мәдениеттер орталығы» атты халықаралық шара басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркіменстанда «Түркімен жері – көне мәдениеттер орталығы» атты халықаралық шара басталды

27.03.2024

«Түркімен жері – көне мәдениеттер орталығы». Осындай атаумен Түркіменстанда ірі халықаралық шара басталды. Оған түркі тілдес елдердің мәдениет пен өнер саласының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Түркісой ұйымы өткізіп жатқан шара, түркімен елінен шыққан кемеңгер тұлға Мақтұмқұлының туғанына 300 жыл толуына да орайластырылған.

Түріксой-ға мүше елдердің шешімімен Түрікменстанның Анау қаласы 2024 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған еді. Көне шахардың түркі әлемін топтастыратын орталық ретіндегі ашылу салтанаты ерекше бағытта өтті. Түркіменнің Ақ жұрты аталатын жазықта бауырлас халықтардың ғасырлардан сыр шертер тұрмыс-тіршілігі көрініс тапқан.

Сұлтан Раев, Түркісой ұйымының бас хатшысы:

Түркі дүниесінің байырғы өркениетін барынша көрсетуге тырыстық. Түбі бір түркінің тарихы аса бай. Осы ретте баршамызға ортақ дүниелерді, қолөнерді, ежелгі кәсіп түрлерін сан түрлі бағытта елге танытуды мақсат еттік. Биылғы жылы ұйымның маңызды шаралары осы Анау қаласында өтеді.

Салтанатты шарада ат спорты, арқан тартыс секілді түркі тілдес елдерге ортақ спорт түрлері ұйымдастырылды. Қыз-бозбала алтыбақан теуіп, балалар ақтерек пен көктерек ойынын ойнап мәре-сәре болысты. Қолөнер шеберлерінің де көрмесі өтті, арасында қазақстандық өнер иелері де бар

Тәрбия Айдымбаева, ұлттық киім дизайнері:

Түркі тілдес елдердің басқосуы болып жатыр. Біз мұнда өз павильонымызға ұлттық киімдерді ұлттық тағамдарды қолөнер бұйымдарын алып келдік.++ Наурыз меркесімен тұспа тұс келген үлкен шара, Ораза айымен де сәйкес келіп жатыр. Түркітілдес елдердің мерекесі думанды өтіп жатыр

Ауқымды шараға келген қонақтар мұнан бөлек, түркімен еліндегі теңдесі жоқ Арқадағ қаласының көрікті жерлерін аралады. Маңызды шара ертең де жалғасады. Оның аясында Ашхабад қаласында «Ежелгі мәдениеттер орталығы – Түркімен жері» атты халықаралық медиа форум өтеді.

Базаркүл Отыншиева 

Хабарламаларға жазылу