Солтүстік Қазақстанда Мерген ауылы қайта түлеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда Мерген ауылы қайта түлеп келеді

27.03.2024

Теріскейде тұрғындары жан-жаққа үдере көшіп, санаулы ғана үй қалған. Мерген ауылы қайта түлеп келеді. Ескі баспаналар сүріліп, жаңалары бой көтерді. Елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі тартылды.

Әсемгүл Мұқышева 3 жыл бұрын қаладағы қарбалас тіршілікті ауыл өміріне айырбастаған. Қазір жергілікті наубайханада еңбек етіп жүр.

Әсемгүл Мұқышева, Наубайшы:

Жолдасымыз екеумізге өте ұнайды осы жақта. Түнімен қыздар өзіміз жұмыс істейміз. Таңға жуық ыстық нандарды біз заявка бойынша жібереміз. Өзім бала кезден жақсы көрем, осылай тестомен жұмыс істегенді.

Отағасы Даниярға да бірден жұмыс табылған. Ерлі зайыптылар жаңа мекенде жаңа баспанаға ие болып, көпбалалы отбасы атанды.

Данияр Мұқышев, ауыл тұрғыны:

Квартира болған жоқ, снимать етіп жүрдік енді. Ол жағынан кішкене қиын болып, нағашыларымыз істегесін, осы жаққа шақырды. Аренда ештеңе төлеп жатқан жоқпыз. Сол жұмыс істегесін бесплатно берді.

Қазір ауылда 100 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Елді мекенде астық қабылдау бекеті, дәмхана, қонақ үй, кондитерлік цех сынды тағы басқа нысандар жұмыс істеп тұр.

Виктор Окунев, серіктестік директоры:

Мен осы ауылда туып-өстім. Еліме еңбегімді сіңіргім келеді. Жұмысшыларға жағдай жасауға барынша күш саламыз. Біз тұрған жер қоқыс тастайтын орын болатын. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осы күнге жеттік. Мақсатымыз - бұнымен тоқтамай, толағай табыстарға қол жеткізу.

Былтыр аудан әкімдігінің есебінен ауылдағы көшелердің барлығына тас жол төселді. Шаруашылық 150-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. 12 мың гектар алқапқа егін егеді, 900 бас асыл тұқымды ірі қара бар.

Эльмира Кәленова, тілші:

Кезінде кеңшардың шағын ғана бөлімшесі болған "Мерген" жыл сайын көркейіп келеді. Кәсіпкердің шапағаты көпке тиюде. Себебі жақын маңдағы елді мекендердің де тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Ауылда жаңа үйлер салу жалғаса бермек. Сонымен қатар сүт өңдейтін кәсіпорын ашу жоспарда бар.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу