Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан бұрынғы мұғалім ұсталды
Ақмола облысының Степногорск қаласында он жылдық еңбек өтілі бар бұрынғы мектеп мұғалімі есірткі сатумен айналысқан. Тәртіп сақшылары оны зиянды заттарды тығып жатқан жерінен ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұзақ уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Кейін қызметінен босатылып, тыйым салынған заттарды жасырумен айналысқан. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құрманғожа Құсайынов, Облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:
37 айналым тәркіленді. Айналымның салмағы 62 грамм. Синтетикалық есірткі, мефедрон. Жалданған пәтердің ішінде тінту өткізу барысында есірткі заттарды орап, тығып, жасырып қоятын әртүрлі заттар тәркіленді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13