Қостанай облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарына да, су жайылды. Қатынас жоқ, жарық сөнген, байланыс үзілген. Екідіңде 50-ге жуық үй болса, соның тең жартысынан астамына су кіріп, кейбірінің қабырғалары сөгілген. Мал шығыны да бар. Су қоршауында қалған бірнеше қыстақтан тікұшақпен 24 адам құтқарылды. Оның 11-і бала. Тағы 25 адам эвакуациялауға мұқтаж.
Асылбек Садуов, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Жолдардың бәрін су алып қалғаннан кейін, біздің құтқарушылар үлкен техникаларды жеткізе алмай отырмыз. Бірақ қайықтармен құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ол жерде үйлерге суды кіргізбек деген мүмкін емес. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – адамдарды құтқару.
Дауренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13