Алматыда алғаш рет оқушылар арасында «NIS HACKATON-2024» байқауы өтіп жатыр. Додаға республика бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 176 оқушысы қатысты. Қатысушылардың жобасын әр түрлі ірі Айти Компаниялар мен университтертердің сарапшылары бағалайды. Хакатонның негізгі бағыты – білім саласына негізделген мобильді қосымша мен сайттар әзірлеу. Республиканың әр өңірінен келген оқушылар Ұлттық біріңғай тестілеуге тегін дайындайтын және жоғары сынып оқушыларына арналған мамандық таңдауға көмектесетін мобильді қосымшалар мен жас мұғалімдерге арналған курстар топтастырылған жобаларды ұсынды.
Шыңғыс Мағауия, оқушы:
Аэроспейш инженеринг тақырыбын толықтай қарастырды. Яғни ол жерде барлығы алты модуль бар, алты секция бар. Әрбір модульде 6 текстен бар. 1 тексте үш сұрақтан қойылдаы. Сол арқылы кез келген оқушы, тұтына отырып, оны өз өмірінде қолданады деп айта аламыз.
Гүлдана Сәдуақасова, ұйымдастырушы:
Негізделген тақырыптар бар. Осы жылы бізде білім саласы болғандықтан Эттек жалпы тақырыбы берілді. Оның ішінде 8-ге жуық бағыттар берілген болатын. Бірақ оның соңғы категориясы шығармашылық бағытта болады. соның ішінде оқушылар Эттек бағыты бойынша шығармашылық бағыттары көрсетілмеген жұмыстарын көрсете алады. Ең бастысы оқушылар жасанды интелектті қолдануы тиіс.
START UP идеялар байқауында бас-аяғы 50 жұмыс ұсынылды. Әр командалық топ жобаны 5-7 минут қорғауы тиіс. Үздік деп танылған жобаларға қаржылай сыйлық беріледі.
Айдана Қуантхан