Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғайып келеді

26.03.2024

Түркістан облысында сексеуіл алқабы күннен күнге ұлғайып келеді. Қазір Қызылқұм қорықшылары 3 мың гектар жерге 3,5 миллион дана көшет отырғызып жатыр. Орманшылар бес жылда мұнда 41 миллион түп сексеуіл егіп, бірнеше миллион дана тұқым сеппек. Табиғат жанашырлары осылайша Президент жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру ісіне атсалысып жатыр.

Қызылықұм алқабында арнайы техника тізгіндеген механизаторлардың бірі Сәкен Білтебаев күндігіне шамамен 60-70 шақырымдай жерге көшет егеді. Басты мақсат техника қауіпсіздігі. Өйткені арнайы соқада көшет егіп екі орманшы отырады. Сондықтан сақтық шарасы бірінші орында.

Сәкен Білтебаев, механизатор:

Күзде сексеуіл ұрығын шашамыз, көктемде көшет отырғызамыз. Техника барлығы жаңа. Күніне 60 шақырым тоқтамай жүреді. Май суы жеткілікті. Техника жұмысы жақсы жүріп жатыр.

Президент Жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру мақсатында отырарлық орманшылар бес жылдық жоспар жасаған. Кешенді шара аясында жеті мыңға жуық гектар алқапқа көшет отырғызып, 26 мың гектарға сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізбек. Сексеуіл көшетін егу наурыз-сәуір айлары өте қолайлы уақыт дейді мамандар. Өйткені жауын-шашын жауып, жерде ылғал мол болғанда тезірек өсіп шығады.

Лесбек Бекбосынов, Байырқұм орман шаруашылығының қызметкері:

1-2 жылдық көшеттер бұл. Жергілікті дәнедерін теріп арнайы тұқымбақтарды дән сеуіп, өсіреміз. 2 жылдан кейін арнайы дайындалған жерге апарып отырғызамыз. Мынаның көріп тұрғандай бойы 25 см тамыры сапасы өте жақсы.

Табиғат қорықшыларының айтуынша, сексеуіл құм көшкінен сақтап қана қоймайды. Аң-құстың паналауына жағдай жасап жер құнарын арттырады. Әрі орман алқабын кеңейгендіктен, қызыл кітапқа енген аң-құстарының да саны арта түседі дейді орманшылар.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу