Биыл елімізде бидайдың егістік алқаптары қысқартылады. Бұл туралы Үкіметте Ауыл шаруашылығы министрі айтты. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндаған Айдарбек Сапаров астық орнына, қызылша мен күнбағыс көбірек егілетінін жеткізді.
Ал ел бойынша көктемгі дала жұмыстары мамырда басталмақ. Министрдің айтуынша, ол үшін жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Қажетті тұқым қоры бар. Әрі шаруаларға 150 мың тоннадай тыңайтқыш жолданды, - деді министр. Фермерлер дизель отынынан да тарықпауы тиіс. Өйткені энергетика министрлігі қажетті қорды арзандатылған бағамен бөледі деп отыр. Оның литрі - 250 теңге болып бекітілген. Тек сол жағармайды кешіктірмей уақтылы жеткізу қажет, - дейді министр.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгінгі таңда өтінім беру және жеңілдікті дизель отынын алу рәсімі толығымен цифрландырылған, бірақ жекелеген шаруалар көрсетілген мерзімдерде өтінім беріп үлгермеді.Осыған байланысты, жекелеген өңірлердегі әкімдіктер және фермерлер өтінімдер қабылдауды қосымша ашу мәселесін көтеруде.Осыған байланысты, Энергетика министрлігінен облыстар әкімдіктерінің ұсыныстарын қолдауды сұраймын.
Досжан Маратұлы