Жүк көліктерінің контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көліктерінің контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

26.03.2024

Жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып, заңсыз есепке қойылған 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізгені анықталды. Осылайша мемлекетке 180 млн теңге көлемінде кедендік төлем мен 205 млн теңгенің тіркеу төлемі жасалмаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тиісті органға жолданды», – делінген ресми хабарламада.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу