Енді жұбайыңыздың рұқсатынсыз несие бермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді жұбайыңыздың рұқсатынсыз несие бермейді

20.03.2024

Қазақстандықтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмайды. Мәжіліс бүгін тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Одан бөлек, микрокредиттік ұйымдардың беретін қарызына шекті пайыздық мөлшерлеме бекіту көзделген. 2026 жылға дейін проблемалық несиелер коллекторларға сатылмайды. Ал егер тұтынушы банк алдындағы қарызын 90 күннен артық төлемесе, оған басқа несие мүлде берілмейді. Бұл құжат халықтың несиесін азайтуға бағытталған. Статистика бойынша қазақстандықтардың несиесі соңғы 2 жылда 3 есе өскен.

Берік бейсенғалиев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Жалақысы болса сол жалақысының, ай сайын қайтаратын мөлшерлемесі кредит бойынша 50 пайыздан аспау керек. Ол жас болсын, үлкен болсын. Егер ол жас болсын, үлкен болсын бүгін мынау заң жобасына кіргеннен бастап, жалақысы жоқ, источник погошениесі болмаған адам несие алуға оның мүмкіндігі болмайды.


Хабарламаларға жазылу