Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот отырысы басталды
Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне тағы бір ота жасалды. Резонансты іс Әлихан Бөкейхан ауданының сотында қарастырылып жатыр. Бүгін куәгерлерден жауап алынған сот процессіне жәбірленуші келмеді. Қорғаушысының берген мәліметінше, Төреғали Берікқалиұлының мұрнына ота жасалған. Қазір зардап шеккен тарап қайтадан сараптама жасатпақ. Себебі айыпталушыға тағылған баппен келіспейміз деп отыр.
Бағдат Хасенов, жәбірленушінің қорғаушысы:
Барлық дәлел құжаттардың түпнұсқасы ұсынылды. Соның ішінде сотқа дейінгі тергеу деректері де қамтылған. Кемі екі бап бойынша істі қарау керек. Денсаулыққа орташа ауыр зардап кетіргені үшін. Және бұзақылық бойынша жауапқа тартылуы тиіс.
Еске салсақ, 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев 27-І қаңтарда үй алдына шақыртумен келіп тұрған жедел жәрдем жүргізушісін жолды жаптың деп соққыға жыққан еді. Қаладан бой тасалаған күдікті 5 күннен соң 200 шақырым қашықтағы қыстақтан ұсталған болатын.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14