Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алуға арналған шаралар жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда су тасқынының алдын алуға арналған шаралар жүзеге асырылуда

20.03.2024

Солтүстік Қазақстанда да су тасқынының алдын алуға арналған шаралар жүзеге асырылуда. Қыс мезгілі басталғаннан бері мұнда 1 млн 630 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Айта өтейік, бұл соңғы 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан 525 млн теңге қосымша қаражат бөлінді. Болжам бойынша 87 елдімекенді су басуы мүмкін. Солардың бірі Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласы. Қауіпті аймақта орналасқан көшелерден күндіз-түні қар шығарылуда. Қажетті техника мен инертті материалдар әзірленді.

Ерұлан Ғабдуллин, Сергеевка қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

Жоласты құбырларын тазалау, суларды өткізу үшін арықтарды тазалау, судық жолын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір жұманың ішінде 36 мың текше метр қар шығаруға жоспарланып отырмыз. 

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу