Басты Жаңалықтар Қазақстан халықтың жайлы өмір сүру деңгейі бойынша жоғары орыннан көрінді

Қазақстан халықтың жайлы өмір сүру деңгейі бойынша жоғары орыннан көрінді

Халықтың жайлы өмір сүру деңгейі бойынша Қазақстан Орта Азия елдері арасында ең жоғары орыннан көрінді. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш бізден екі еседей төмен. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы адам дамуының жаңа индексін әзірледі. Рейтингтік көрсеткіштер халықтың өмір сүру ұзақтығы мен білімі, жан басына шаққандағы табысы мен жалпы ұлттық кіріс бойынша бағаланады. 

Зерттеу нәтижесіне сай әлем елдері арасында Қазақстан 67-ші орынға тұрақтаса, Түркіменстан 94-ші орында. Өзбекстан 106-шы орынды иеленді.

Ал Қырғызстан 117-ші орынға, Тәжікстан 126 –шы орынға жайғасқан. Сарапшылардың бағалауынша, Өзбекстанда халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жыл. Табысы айына 671 доллардан келеді екен

Қазақстан 67

Түркіменстан 94

Өзбекстан 106

Қырғызстан 117

Тәжікстан 126


Базаркүл Отыншиева

Бөлісу