Шымкентте 20 мыңға жуық азамат автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр
Шымкент қаласында 20 мыңға жуық азамат өткен жылы өтелуі тиіс автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардың қазына алдындағы берешегі 1 миллиард теңгеден асады. Бұл мегаполистегі жалпы автокөлік иелерінен алынатын салықтың бестен бір бөлігі.
Борышкерлердің қарызын мәжбүрлеп өндіру үшін мемлекеттік кірістер органы полициямен бірігіп рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Берешегі бар автокөліктер «Қорғау» жүйесі арқылы анықталып жатыр. Қарызынан уақтылы құтылмаған азаматтарға мәжбүрлеп өндіру, көлікті айыптұраққа қамау секілді шара қолданылады, - дейді мамандар.
Нұрлыбай Илишев, Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
Есептелген салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетінін хабарлаймыз. Салық берешегінің сомасы жеке сот орындаушылары 25 пайызға дейін өз қызмет ақысын алатын болады.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12